Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы  
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 қыркүйекте № 17402 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес    
Редакция 08.10.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;  
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;  
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 366 бұйрығына
қосымша
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары
1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингілеу бірыңғай тәртібін айқындайды.  
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыс істейтін жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
2) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іс-шараларын іске асыруға арналған бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде ақшалай түрдегі мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің ай сайынғы көлемдері;
3) облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшелері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары және облыстық маңызы бар аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган);
4) төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспары – қабылданған міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекемеге қажетті бюджет қаражатының жылдық көлемдері шегінде бюджет қаражатының ай сайынғы көлемдері;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді мониторингілеу (бұдан әр – мониторинг) – арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, арнаулы әлеуметтік қызметтердің жай-күйін және даму перспективаларын талдау үшін қажетті, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында тәуекел дәрежесін және заңнама талаптарының сақталуын бағалау мақсатында мәліметтерді жинау және өңдеу.
2-тарау. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді қаржыландыру тәртібі
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді қаржыландыру мыналардың:  
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен және осы Қағидалардың ерекшеліктері есепке алына отырып жергілікті бюджет қаражат;
2) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудан алынған қаражат;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерді бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган бекіткен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарлары негізінде облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттері мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің тиісті бюджеттік бағдарламаларының шегінде жүзеге асырылады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санына тәуелді болатын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:  
1) еңбекақыны төлеуге, жыл сайынғы еңбек демалысына төленетін сауықтыру жәрдемақысы және жұмыс берушінің жұмыскерлердің бюджеттеріне салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге;
2) негізгі қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемдеріне;
3) экологиялық қасірет және радиациялық қатер аймақтарында тұрғаны үшін негізгі қызметкерлерге төленетін қосымша ақыларға;
4) киім, жұмсақ инвентарь сатып алуға жұмсалатын шығыстарға;
5) дәрілік формулярларға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша дәрілік заттар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алуға;
6) азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстарға;  
8) негізгі қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;  
9) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қажетті тауарларды және қызметтерді, соның ішінде жуу құралдарын, шаруашылық тауарлары мен инвентарьды, гигиена құралдарын, кеңсе керек-жарақтарын, дезинфекция құралдарын, ыдыс-аяқ сатып алуға;
10) оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құралдарды (түзете дамытатын, оқу-дидактикалық материалдар), мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;  
11) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен тікелей байланысты басқа да ағымдағы қызметтерге (бейнебақылауға қызмет көрсету қызметтері, жөргектер мен шприцтерді кәдеге жарату, заңгерлік қызметтер) арналған қаражатты қамтиды
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың санына тәуелді болмайтын, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:  
1) еңбекақыны төлеуге, жұмыс берушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдері бойынша жарналарына;  
2) әкімшілік-шаруашылық персонал қызметкерлерінің өтемақы төлемдеріне;  
5) үй-жайларды жалдауға жұмсалатын шығыстарға;
6) коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге;
8) басқа да қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге (ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды күтіп ұстау, коммуналдық меншіктегі ғимараттарды, үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз жүйесін, көлік және басқа да негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметтері, қызметкерлерді медициналық тексеру, қоқыс шығару, курьерлік қызметтер, банк қызметтеріне ақы төлеу және заңгерлік қызметтер);
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің қызметін қамтамасыз етуге қажетті, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету процесінде қолданылмайтын тауарларды, соның ішінде құрылыс материалдарын, ғылыми зерттеулерге және басқа да мақсаттарға арналған материалдар, шаруашылық материалдарын және кеңсе керек-жарақтарын, қосалқы бөліктерді, басқа да запастарды сатып алуға;  
10) негізгі құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді (серверлер, жұмыс станциялары, принтерлер, сканерлер, желілік жабдық, телекоммуникациялық жабдық, электр жабдығы, ұйымдастыру техникасы, Кеңсе жиһазы, жеңіл көлік құралдары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған мамандандырылған автокөлік, оңалту жабдығы) сатып алуға;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.09.2022 жылғы № 383 Бұйрығына сәйкес (25.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) негізгі құралдарды күрделі жөндеуге;
12) өзге де ағымдағы шығындарға (халықты әлеуметтік қорғау органдары интернет-үйлерінің қамқорлықтағыларын жерлеуге арналған шығындар, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы, мемлекеттік баж салығы, өсімпұл мен айыппұлдар, автокөлік құралдарын міндетті техникалық қарау бойынша шығындар) арналған қаражатты қамтиды
3-тарау. Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мониторинг жүргізу тәртібі
7. Мониторингті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері жарты жылда бір рет жүргізеді.
8. Мониторинг Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде бар мынадай:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектілердің саны туралы;
2) арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың саны туралы;
3) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін негізгі қызметкерлердің саны туралы;
4) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге бөлінген және игерілген жергілікті бюджет қаражатының көлемі туралы;
5) субъектілер көрсеткен арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері туралы мәліметтерді талдау арқылы жүзеге асырылады.
9. Мониторинг нәтижелері Комитет жарты жылда бір рет (бірінші жартыжылдыққа ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, екінші жартыжылдыққа – есепті кезеңнен кейінгі 15 қаңтарға дейін) қалыптастыратын қорытынды аналитикалық есептерде көрсетіледі.
10. Қорытынды аналитикалық есеп еркін нысанда жасалады және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күніне қарай ұсынылады.
11. Мониторинг нәтижелерін арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында тәуекел дәрежесіне бағалау жүргізу мақсатында Комитет пен оның бөлімшелері пайдаланады.  
 12. Комитет мониторинг нәтижелерін ақпараттық ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қорытынды аналитикалық есептерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында жарты жылда бір рет орналастырады (бірінші жартыжылдыққа – ағымдағы жылғы 25 шілдеден кешіктірмей, екінші жартыжылдыққа – есепті жылдан кейінгі 25 қаңтарға дейін).
Полная версия
ИС BestProfi