Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысы
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар  
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:
«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген 3-бөлімде:
он төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін орналастырылған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылық қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының сауықтыру бағдарламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға қолданылмайды.»;
«Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары
Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа жобалар бойынша кредиттерді кепілдендіру тетігін қолдана алады.».
2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 674 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:  
Полная версия
ИС BestProfi