Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 22 ақпандағы № 70 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10-тармағына  сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның 2018 жылғы 12 ақпандағы ұсынымдарын есепке ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға  сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу туралы куәліктер берілсін.
2. Заң қызметі департаменті осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 22 ақпандағы
№ 70 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің
тізімі
1. ЗТБ «Тау-кен өндіруші және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындары республикалық қауымдастығы»;
2. ЗТРБ «Қазақстанның тауарөндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы»;
3. РҚБ «Медициналық Ұйымдардың Қазақстандық Альянсы»;
4. ЗТБ «Қазақстан Медициналық Зертханалар Қауымдастығы».
Полная версия
ИС BestProfi