Близость слов: Окончание:





Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 249 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17803 болып тіркелді
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
Редакция 19.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларыбекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 249 қаулысымен
бекітілді
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалар тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері, жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына(бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 жылғы № 84 Қаулысына сәйкес  (13.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 21.11.2022 жылдан бастап)
2. Қағидалардың мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 262 Қаулысымен (29.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.09.2021 жылғы № 95 Қаулысына сәйкес (24.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
Полная версия
ИС BestProfi