Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысы
Редакция 01.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 91-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумды бекiту туралы»;
«1. Қоса берiлiп отырған «Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум бекiтiлсiн.»;
«Сарыарқа» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум осы өзгерістерге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдары қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ертіс» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы», «Жетісу» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» акционерлiк қоғамдары қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумдарды бекiту туралы»;
«1. Қоса беріліп отырған:
Полная версия