ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 және «Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 805 Жарлығы
Редакция 17.08.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 27, 331-құжат):
1-тармақтың 14) тармақшасы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне;» деп жазылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне ерекше мәртебе берілсін.»;
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 17.08.2019 жылғы № 120 Жарлығына сәйкес (25.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Полная версия