Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.08.2020
«Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 939 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18088 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 1 тамыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 14.07.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес 
1. «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15042 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 16 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы»;
«1. Қоса берілген «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Шығу визаларын ұзарту және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
«1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – шет мемлекеттердің паспортына не Қазақстан Республикасы осындай құжат ретінде танитын жеке басты куәландыратын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге құқық беретін өзге құжатқа (бұдан әрі – шетелдік паспорт) толтырылған визалық жапсырманы жапсыру жолымен Қазақстан Республикасының визаларын беру, қалпына келтіру немесе ұзарту не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.»;
«7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттік баж алынады, ол «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексiнiң 613-бабына сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін:
Қазақстан Республикасынан шығу – 0,5 АЕК;
Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету – 7 АЕК;
көп мәрте Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету – 30 АЕК-ті құрайды.
Төлем екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және аударым арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелері және олармен бірге жүретін адамдар;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндер;
Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктер;
өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балалар;
шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдар;
Мемлекеттік баж салығы көрсетілетін қызметті беруші жол берген қателерді қамтитын алғашқы визаның орнына қайта виза берген кезде салынбайды.»;
«11) «С3» (еңбек қызметін жүзеге асыру үшін) санатындағы визаны беру үшін қосымша:
жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тарту үшін берген рұқсат ұсынылады.
«Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны Қазақстан Республикасының өңірлері арасында бөлу қағидаларын бекіту, еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдардың шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттары талап етілмейтін адамдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 қаулысына сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат талап етілмейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
«Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша оралман куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) (бұдан әрі – Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді/аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін:
Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін:
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға:
шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға:
басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі.
«С3» санатындағы визаны ұзарту үшін егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілсе, бастапқы визаны алуға шақыруды бұрын ресімдеген шақырушы тараптың өтінішхаты және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат ұсынылады.»;
оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру
және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша»;
8-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
«14. Кері қайтуға рұқсатыңыз бар ма, егер Сіз сол мемлекеттің азаматы болып табылмасаңыз қайда уақытша боласыз?/ For person who lives outside of the country of origin: have you got a permission to return to the country of living?:
Егер рұқсатыңыз болса, келуге құжаттың нөмірін және оның жарамдылық мерзімін көрсетіңіз / If yes, please indicate the number of this document and its validity:
  __________________________________________________________________»;
«27. Сізбен бірге баратын балалардың Т.А.Ә. (болған кезде) көрсетіңіз (егер балалар Сіздің паспортыңызға енгізілсе толтырылады)/ Children (please indicate whether they are traveling with you and are entered in your passport):

Т . А . Ә .( болған кезде )/ Surname, First names

Туған күні мен орны / Date and plase of birth

Азаматтығы/ Nationality


 


 


 


 

Мен сауалнамада жазған мәліметтердің дұрыс екенін куәландырамын. Дұрыс емес мәліметтер алынған визаны жою немесе визаны беруден бас тарту үшін негіз болатыны хабарланды.
I undertake that the above mentioned personal data are full and correct. I am aware, that wrong data can cause refuse and canceling of already issued visa. I am obliged to leave the territory of the Republic of Kazakhstan before visa expiration.
2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру
және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша».
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi