Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 951 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18109 болып тіркелді
Редакция 27.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндемемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛГЕН»
 Қазақстан Республикасы
 Ақпарат және коммуникациялар
 министрлігі
 2018 жылғы «__»__________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 951 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндеін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болын тірлеген, 2015 жылғы 31 желтоксанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жұйсінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында (бұдан әрі –Қағидалар)
«5. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
(Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабының 7-тармағының 1) тармақшасымен айқындалатын тәртіпте және мөлшерде алым алынады.»;
Полная версия
ИС BestProfi