Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18075 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8314 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 6 сәуірдегі № 101 (28040) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын бекіту туралы
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.05.2021 жылғы № 371-НҚ Бұйрығына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою, қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрінің 28.07.2025 жылғы № 228- НҚ Бұйрығына сәйкес (19.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) сыныптау жөніндегі Комиссия – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер санаттарының, топтарының, сыныптарының, түрлерінің атаулары мен кодтарын қосу, алып тастау және өзгерту туралы шешім қабылдайтын комиссия;