Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2019
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 4 ақпанда № 8314 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 11 сәуірден бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 28.12.2018 жылғы № 495 Бұйрығына сәйкес
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізімі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Индустрия және жаңа
 технологиялар министрі
 міндетін атқарушының
 2012 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 495 бұйрығына 1-қосымша
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары
1. Осы Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының екінші бөлігі 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі
2. Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды (бұдан әрі - стандарт), техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін (бұдан әрі – ТЭА жіктеуіш) әзірлеу мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Стандарттарда, алдын ала ұлттық стандарттарда (бұдан әрі – алдын ала стандарт) және ТЭА жіктеуішінде белгіленетін талаптар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарының нәтижелеріне, патенттік зерттеулерге, халықаралық, өңірлік немесе ұлттық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережелеріне және (немесе) отандық және шетелдік ғылым, техника мен технологиялардың өзге де қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді.
4. Стандарт, алдын ала стандарт және ТЭА жіктеуіші өнімге, оның құрама бөліктеріне, процестерге, оның ішінде іргелі немесе қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері болып табылатын қызметтерге, бақылау әдістемелеріне әзірленеді.
5. Стандарт, алдын ала стандарт немесе ТЭА жіктеуіші осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарда әзірленеді.
6. Стандартты немесе ТЭА жіктеуішін, оларға өзгерістерді әзірлеудің басталғандығы және олардың әзірлеушілері туралы ақпарат техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады. 
7. Стандартты, алдын ала стандартты немесе ТЭА жіктеуішін әзірлеу мақсатында әзірлеуші мүдделі ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобын құра алады.
Полная версия
ИС BestProfi