Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қаңтарда № 18210 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызда «Егемен Қазақстан» № 332-333 (26176) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарында:
«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кiшi бөлiмi - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.
Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:
1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған;
1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;
1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:
1041 - «Қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, олар үшін филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанына қолдау көрсету жөніндегі қызметтен алынатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;
1042 - «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасында белгіленген тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;
1043 - «Ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;
1044 - «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;
1045 - «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);
1046 - «Республикалық бюджеттің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан республикалық бюджетке түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;
1047 - «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;
1048 - «Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемдерін жүргізу есепке алынады;
1050 - «Шетелдік валютадағы шот», мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Жаңартылған «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;
Полная версия
ИС BestProfi