Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 04.10.2023
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 04.10.2023 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ұйымдардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне және оның ведомстволарына берсін;
2) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне берсін;.
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын Ереженің 15-тармағының 250) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.03.2019 жылғы № 131 Қаулысымен (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.07.2019 жылғы № 501 Қаулысына сәйкес (10.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.07.2019 жылғы № 561 Қаулысына сәйкес (29.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.04.2020 жылғы № 255 Қаулысына сәйкес (07.04.2020 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 24.09.2020 жылғы № 611 Қаулысына сәйкес (10.07.2020 ж. редакцияны қараңыз) 6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 27.06.2022 жылғы № 440 Қаулысына сәйкес (27.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 282-2) тармақшасын;
2) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 692) тармақшасын және 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын ведомстволар функцияларының 505) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген
Полная версия