Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.01.2021
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы N 801 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5946 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 8 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-309/2020 Бұйрығына сәйкес 
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.08.2016 жылғы № 765 Бұйрығына сәйкес (29.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2017 жылғы № 627 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 02.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 31.08.2016 жылғы № 765 Бұйрығына сәйкес (29.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 25.10.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.08.2017 жылғы № 627 Бұйрығына сәйкес (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2017 ж. бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 02.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 801 бұйрығына
1-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру
қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.02.2018 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес (21.08.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.03.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 23-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.07.2019 жылғы № ҚР ДСМ-105 Бұйрығына сәйкес (06.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 06.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) амбулаториялық-емханалық көмектің (бұждан әрі - АЕК) базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі - түзету коэффициенттерін есепке алмай, медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) пен консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДК) нысандарында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенін есептеу құны;
2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, МСАК пен КДК нысандарында көрсетілген ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептік құны;
3) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі - АЕК КЖН) - АЕК КЖН кепілдік берілген компонентінен және КЖН ынталандырушы компонентінен тұратын «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің құны;
4) ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті - түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, бекітілген ауыл тұрғындарына көрсетілетін ТМККК шеңберіндегі және (немесе) МӘМС жүйесіндегі қызметтер кешенінің есеп айырысу құны;
Полная версия
ИС BestProfi