Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 294 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қаңтарда № 18214 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 44) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.02.2023 жылғы № 8 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (20.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және Қағидалардың 6-тармағының 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
1. Осы Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 44) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеу тәртібі, сондай-ақ оны жүзеге асыру үшін есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдері айқындалады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.02.2023 жылғы № 8 Қаулысына сәйкес (19.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес (20.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздерін және сатып алынған шетел валютасын пайдалану мақсаттарын мониторингтеу екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, «Қазпочта» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банктер), шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы бар, банктер болып табылмайтын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың (бұдан әрі – кәсіби қатысушылар) және олардың клиенттерінің ішкі валюта нарығындағы операциялары, клиенттердің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы және шетел валютасындағы банктік шотты ашпай және (немесе) пайдаланбай жүргізілген аударымдар туралы ақпаратты жинау арқылы жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.03.2020 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)