Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 313 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 қаңтарда № 18220 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасыны 20.09.2021 жылғы № 77 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 16.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасыны 20.09.2021 жылғы № 77 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасыны 20.09.2021 жылғы № 77 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілік тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес кредиттік тарих субъектісі туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қарыз (шартты міндеттеме) шарты туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес қамтамасыз ету туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қарызға (шартты міндеттемеге) қызмет көрсету туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес провизиялар және тәуекелдерді бағалау туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ осы қаулының 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.07.2019 жылға дейін қолданыста болды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ осы қаулының 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.07.2019 жылға дейін қолданыста болды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ 01.07.2019 жылдан бастап енгізілді және осы қаулының 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.01.2021 жылға дейін қолданылады
4-1. Тармақ әрекет етуін тоқтатты (ескертуді қараңыз)
Осы Қаулы 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 13.12.2019 жылғы № 236 Қаулысына сәйкес (өзгеріс 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.04.2020 жылға дейін қолданылады, 01.07.2019 жылдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
анықталған қателерді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің көрсеткіштер түріндегі қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептілікті жинауға арналған ақпараттық жүйесінде 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 1 ақпан аралығындағы кезеңде ұсынылған есептіліктегі деректерді түзетуді жүзеге асыру арқылы түзетеді;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бұрын ұсынылған қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі есептіліктен анықталған қателердің сипатын көрсете отырып жазбаша хабарлама жібереді.
5. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
5-тармақ осы қаулының 10-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 01.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасыны 20.09.2021 жылғы № 77 Қаулысына сәйкес (13.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (20.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулының 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген есептерді деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) осы қаулының 1-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген есептерді – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Полная версия
ИС BestProfi