2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.11.2020
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 8 қарашада № 17708 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 15 қарашадан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-170/2020 Бұйрығына сәйкес
1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17353 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
"4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып, клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерде :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу неонатологиялық бейін бойынша емделіп шығу жағдайының күрделілігін ескере отырып клиникалық-шығындық топтар бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерде :
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерге 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 8 және 9-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу жылжымалы медициналық кешендер бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерге 1-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу стационарлық көмек нысанында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымдарға бір төсек күн үшін жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін облыстық, өңірлік, қалалық онкологиялық ұйымдар және көпбейінді клиникалардың онкологиялық бөлімшелері үшін лимфоидты және қан өндіру тіндерінің қатерлі ісіктері бар науқастарды қоспағанда, онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген айына бір онкологиялық науқасқа жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тарифтер осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу Психикалық науқастардың тіркелімінде тіркелген, психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу Наркологиялық науқастар тіркелімінде тіркелген, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық кызметтерге кешенді тариф осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген шығындарын өтеу АИТВ жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен ауыратын бір науқасқа айына өңірлер бөлінісінде жүзеге асырылатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге кешенді тариф осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Полная версия

