Близость слов: Окончание:





Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 ақпанда № 18328 болып тіркелді
Редакция 26.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (23.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде осы Қағидаларға 1-25-қосымшалардағы нысандарға, көрсеткіштер мен құрылымға сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың қолданыстағы бесжылдық даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерін мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 14 ақпандағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары
1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-1) және 4-2) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және олар құрған мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі – АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі – МК) даму жоспарларын, олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу, бекіту, сондай-ақ даму жоспарларының іске асырылуын монитроингілеу және бағалау тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2022 жылғы № 87 Бұйрығына сәйкес (23.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.06.2021 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (27.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi