Близость слов: Окончание:





"Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd." компаниясының директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 146 қаулысы.
Редакция 28.02.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес және "Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 829 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd.» компаниясының директорлар кеңесінің құрамына:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.10.2020 жылғы № 624 Қаулысымен (28.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 13.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.01.2022 жылғы № 34 Қаулысына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2022 жылғы № 314 Қаулысына сәйкес (28.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 18.05.2023 жылғы № 386 Қаулысына сәйкес (18.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.02.2024 жылғы № 131 Қаулысына сәйкес (18.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрін директорлар кеңесінің төрағасы етіп;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарын директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрін директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi