БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
«Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18550 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес
1. «Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көмірсутекті шикізат пен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жер асты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
«2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі»;
«6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті өкілінің электрондық цифрлық қолтанбасы қойылған (бұдан әрі– ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;
«9.Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
Полная версия