Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 18545 болып тіркелді
Осы Қаулысының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 42) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2021 жылғы № 49 Қаулысына сәйкес (18.05.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2021 жылдан бастап)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.09.2023 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (20.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.12.2025 жылғы № 93 Қаулысына сәйкес (23.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін жіберуді;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (04.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)