Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 18583 болып тіркелді
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 3-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида);
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 22 сәуірдегі
№ 370 бұйрығына
1-қосымша
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысандағы шот-фактураларды жазып беру қағидалары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 412-бабы 2-тармағына, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру тәртібін анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Салық кодексінің 10-бөлімінде белгіленген талаптарға және осы Қағидаларда сәйкес жазып берілген және ЭШФ АЖ тіркелген электрондық нысанда шот-фактура қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу үшін негіз болып табылады. Егер шот-фактура қағаз жеткізгіште сияқты, электрондық нысанда да жазып берілген жағдайда, онда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының ҚҚС есепке жатқызуы үшін электрондық нысанда жазып берілген шот-фактура негіз болып табылады.
1) баждың төмендетілген ставкасы – кедендік әкелу баждардың Дүниежүзілік сауда ұйымдарында Қазақстан Республикасының міндеттемелерінде көзделген ставканың барынша жоғары деңгейінде белгіленетін Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) қолданыстағы кедендік әкелу баж ставкасымен салыстырғанда өте төмен ставкасы;
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған ЭШФ АЖ модулі (бұдан әрі – Модуль);
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 04.06.2021 жылғы № 531 Бұйрығына сәйкес (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)