Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
«Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 сәуірде № 18508 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес 
1. «Авиациялық оқу орталықтары мен авиация персоналының қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11612 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Авиация персоналына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал ) жүзеге асырылады.»;
«5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының отыз минут ішінде өтінішті қабылдауы және тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып оны тіркеуі;
2) басшының және оның орынбасарының екі сағат ішінде қарар қоюы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының екі сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындауы;
4) жауапты орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруі және сертификаттық тексеру жүргізу үшін бес жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құру;
5) Комиссияның он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың тақырыбы мен мазмұнын талдауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкес болмауы анықталған жағдайда, жауапты орындаушы бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты ресімдейді;
6) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін бес жұмыс күні ішінде сертификаттық тексеру;
7) сертификаттық тексеру аяқталғаннан кейін сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) төрт жұмыс күні ішінде ресімделеді;
8) Комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда авиациялық оқу орталығының сертификаты ресімделеді және құрылымдық бөлімшенің басшысына бір жұмыс күні ішінде қол қоюға жіберіледі;
9) құрылымдық бөлімшенің басшысы авиациялық оқу орталығының сертификатына бір жұмыс күні ішінде қол қояды.»;
Полная версия
ИС BestProfi