Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
«Көмірсутек шикізатын және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18553 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес 
1. «Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты.»;
осы бұйрыққа 1 мен 2-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына
6-қосымша
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Полная версия
ИС BestProfi