Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2023
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 мамырдағы № 284 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2023 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі туралы ережеде:
«5) Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасының сауда көрмелерін, жәрмеңкелерін, конференцияларын, форумдары мен өзге іс-шараларын өткізуге және осы іс-шараларға, оның ішінде Мәскеу қаласындағы халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын салу мен реконструкциялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы өзге мамандандырылған іс-шараларға сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларын тартуға жәрдемдеседі;»
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi