Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 287 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында:
«2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкі коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты негізінде берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша беріледі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша беріледі;»;
«4) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі республикалық меншікке мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және мүлік теңгеріміне берілетін республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысы негізінде беріледі;
коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі республикалық меншікке Ұлттық Банктің немесе оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың теңгеріміне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысы негізінде беріледі;»;
«Мүлікті қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды және оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары) бекітеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия
ИС BestProfi