«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 24.07.2023
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 38-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 927 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 482-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.04.2014 жылғы № 384 Қаулысымен (01.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.05.2014 жылы № 98 (28322) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2015 жылғы № 803 Қаулысымен (22.04.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.10.2015 жылы № 199 (28677) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.11.2017 жылғы № 769 Қаулысына сәйкес (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (халық саны екі мың адамнан астам аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мүліктік кешендер ретіндегі республикалық заңды тұлғалар, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беріледі;
2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкі коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты негізінде берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша беріледі;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2019 жылғы № 287 Қаулысына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өтінішхаты негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша беріледі;
3) мүліктік кешендер ретіндегі коммуналдық заңды тұлғалар, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері республикалық меншікке облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысы негізінде беріледі;
4) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі республикалық меншікке мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен және мүлік теңгеріміне берілетін республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысы негізінде беріледі;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2019 жылғы № 287 Қаулысына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкі республикалық меншікке Ұлттық Банктің немесе оған ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың теңгеріміне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің қаулысы негізінде беріледі;
5) коммуналдық меншіктегі мүліктік кешендер ретіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары республикалық меншікке жергілікті қоғамдастық жиналысымен және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық меншікке қабылдау туралы қаулысы негізінде беріледі;
6) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының мүлкі республикалық меншікке мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен және мүлік теңгеріміне берілетін республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімі негізінде беріледі.
3. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) ресімделеді.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлік осы Қағидалардың 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларына сәйкес мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй түріндегі мүлік мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, тұрғын үйді қабылдау-беру актісі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.
3-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 25.12.2019 жылғы № 976 Қаулысына сәйкес (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мүлікті қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) беретін және қабылдайтын тараптардың уәкілетті лауазымды адамдары қол қояды және оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары) бекітеді.
3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.05.2019 жылғы № 287 Қаулысына сәйкес (23.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) мемлекеттік және орыс тілдерінде төрт данада, қабылдау-беру актісін (табыстау актісін) ресімдеуге қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан жасалады.
Полная версия