Близость слов: Окончание:





Мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18690 болып тіркелді
Редакция 21.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 14-12) тармақшасына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1), 28) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 138 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәдениет саласындағы кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4632 болып тiркелген 2007 жылы наурыз-сәуірде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған):
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру қағидаларында:
«4. «Халықтық» (үлгілі) атағын алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – ЖАО) осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру жөнінде өтінім (бұдан әрі – Өтінім) береді.
1) көркемөнерпаздар ұжымы жиналысының хаттамасы;
Полная версия
ИС BestProfi