Близость слов: Окончание:





Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2007 жылғы 28 наурыздағы N 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 25 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4632 болып енгізілді.
Тақырып өзгертілді ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 жылғы № 77 Бұйрығымен (26.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 11.02.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 жылғы № 77 Бұйрығымен (26.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 жылғы № 77 Бұйрығымен (26.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрықтың ресми жариялануын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрі А. Бөрібаевқа жүктелсін. 
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2007 жылғы 28 наурыздағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген
Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет министрінің 26.05.2011 жылғы № 84 Бұйрығымен (28.03.2007 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 06.09.2011 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет министрінің 18.06.2014 жылғы № 77 Бұйрығымен (26.05.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.06.2016 жылғы № 158 Бұйрығымен (18.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 13.09.2018 жылғы  № 256 Бұйрығымен (13.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 жылғы № 138 Бұйрығымен (13.09.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 06.05.2020 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (17.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.01.2021 жылғы № 17 Бұйрығына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 26.01.2023 жылғы № 23 Бұйрығына сәйкес (27.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Халықтық» немесе «Үлгілі» атақтары көркемөнерпаздар ұжымдарына беріледі.
3. Шығармашылық ұжымдардың жұмысын қосымша ынталандыру, шығармашылық қызметті жоғары деңгейде қамтамасыз ету, әр топтағы дарынды адамдардың одан әрі кәсіби қалыптасуы үшін талантты өнерпаз орындаушыларды қолдау үшін көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағы беріледі.
2-тарау. Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібі
1) 5 жылдан кем емес үздіксіз шығармашылық қызметті жүзеге асыруы;
2) орындаушылық шеберліктің жоғары деңгейінің болуы;
Полная версия
ИС BestProfi