БҰЙЫРАМЫН:
«Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 201-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 24 сәуірде № 38537 болып тіркелді
1. «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4632) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидаларында:
«1. Осы Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабының 28) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру тәртібін айқындайды.»;
«15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көркемөнерпаздар ұжымының басшысы (бұдан әрі – ұжым басшысы) Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша көркемөнерпаздар ұжымына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) жергілікті атқарушы органның кеңсесіне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz, www.elisence.kz (бұдан әрі – портал) арқылы береді.»;
«17. Өтінімді жергілікті атқарушы органның кеңсесі арқылы берген кезде оның көшірмесіне өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіле отырып, қабылданған күні, уақыты және кіріс өтінімдерінің нөмірі қамтылған жергілікті атқарушы органның мөртаңбасы қойылады. Портал арқылы жүгінген кезде ұжым басшысының «жеке кабинетінде» нәтижені алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;
«22. Қағаз жеткізгіште жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, жергілікті атқарушы органның мөрімен және уәкілетті адамның қолымен расталады.
Жергілікті атқарушы органдарға портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында ұжым басшысының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.»;
Полная версия

