Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2020
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 17 мамырда № 18693 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.06.2020 жылғы № 188 Бұйрығына сәйкес 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 болып тіркелген, 2015 жылы 24 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Көркем өнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
осы бұйрықтың 4 және 5-қосымшаларының редакциясына сәйкес 4, 5-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
Полная версия
ИС BestProfi