ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығы
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 1 маусымдағы № 57 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі»,
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі»
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі»,
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі»,
«Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (26.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат):
Полная версия