Близость слов: Окончание:





Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығы
Тақырып өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берілген:
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия туралы ереже; 
2) Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның құрамы  бекітілсiн.
1-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясына тағайындау үшiн үмiткерлердi iрiктеу ережелерiн  бекiтсiн.
Жарлық 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 
1-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-2. Қазақстан Республикасының орталық жəне жергілiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.
Жарлық 1-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығына сәйкес
1-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр актiлерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1394 "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 43, 515-құжат): 
бiрiншi абзацта "250 халықаралық стипендиясы" деген сөздер "халықаралық стипендиясы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
екiншi абзацта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
4-тармақта "Бiлiм министрлiгіне" деген сөздер "Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын; 
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Президентінің 09.01.2006 жылғы № 1696 Жарлығымен (04.05.2005 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 қаулысына
ҚОСЫМША
Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның ҚҰРАМЫ
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 24.04.2008 жылғы № 576 Жарлығымен (08.02.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 12.11.2008 жылғы № 689 Жарлығымен (24.04.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.12.2011 жылғы № 204 Жарлығымен (27.01.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.03.2012 жылғы № 284 Жарлығымен (22.12.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 27.03.2013 жылғы № 533 Жарлығымен (11.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.11.2013 жылғы № 692 Жарлығымен (27.03.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 11.04.2014 жылғы № 795 Жарлығымен (13.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.09.2014 жылғы № 911 Жарлығымен (11.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2016 жылғы № 191 Жарлығымен (17.09.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 275 Жарлығымен (11.03.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 10.10.2016 жылғы № 357 Жарлығымен (09.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 14.03.2017 жылғы № 446 Жарлығымен (10.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 20.10.2017 жылғы № 568 Жарлығымен (14.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2019 жылғы № 57 Жарлығымен (20.10.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (01.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 28.10.2019 жылғы № 195 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 17.11.2020 жылғы № 450 Жарлығымен (16.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (03.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 26.08.2022 жылғы № 990 Жарлығымен (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығымен (26.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құрам өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (13.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының      - төраға
 Мемлекеттік кеңесшісі

Қазақстан Республикасының      - төрағаның орынбасары
 Ғылым және жоғары білім министрі

Қазақстан Республикасының      - хатшы
Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Көлік министрі
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының әлеуметтік-мәдени даму мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесінің басшысы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 12 қазандағы
N 470 Жарлығымен
бекітілген
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы Ереже
Ереже мәтініндегі "республикалық комиссия" сөздері "Республикалық комиссия" сөздерімен ауыстырылды ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығымен (12.10.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2022 жылғы № 990 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - Республикалық комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - "Болашақ" халықаралық стипендиясы) мен ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.03.2022 жылғы № 825 Жарлығына сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Республикалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері мен осы Ережені басшылыққа алады. 
3. Республикалық комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Республикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Республикалық комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, хатшысы - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен  (03.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3-1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Республикалық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Ереже 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.07.2022 жылғы № 952 Жарлығымен (03.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2-тарау. Республикалық комиссияның міндеттері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2022 жылғы № 990 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. Республикалық комиссияның негізгі міндеттері:
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығымен (12.10.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1) шетелде кадрлар даярлау жөніндегі жалпы стратегияны айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан əрі - Іріктеу қағидалары) сəйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;
2-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау;
4-тармақ 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 11.03.2016 жылғы № 210 Жарлығына сәйкес
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2010 жылғы № 920 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
4-тармақ 4-1-трамақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығына сәйкес
4-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамалардан өту қағидаларына сәйкес ғылыми тағылымдаманы тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;
4-тармақ 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 03.03.2022 жылғы № 825 Жарлығына сәйкес (өзгерту 26.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, негізгі қызмет үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
3-тарау. Республикалық комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2022 жылғы № 990 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5. Республикалық комиссияның төрағасы республиканың заңдары мен осы Ережеге сәйкес оның жұмысын ұйымдастырады және Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi.
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығымен (12.10.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
5-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
5-1. Республикалық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын төрағаның орынбасары жүзеге асырады.
Ереже 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығына сәйкес
6. Республикалық комиссияның хатшысы жұмыс органы дайындаған құжаттар мен материалдарды Республикалық комиссияның қарауына ұсынады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығымен (12.10.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
6-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
7. Республикалық комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы мен мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.
7-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
8. Республикалық комиссияның отырыстары оның жоспарына сәйкес өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттігіне қарай Республикалық комиссия төрағасының шешімі бойынша өткізіледі. 
Республикалық комиссияның отырыстары комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқықтық күші болады. 
9. Республикалық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының кем дегенде төрттен үшінің дауысымен қабылданады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
10. Республикалық комиссияның жұмыс органы:
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 14.05.2004 жылғы № 1368 Жарлығымен (12.10.2000 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.05.2005 жылғы № 1569 Жарлығымен (14.05.2004 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 08.02.2008 жылғы № 531 Жарлығымен (09.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлердің жеке істерінің мазмұнына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді; 
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқыту үшін мәндес мамандықтар тізбесін, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің (бұдан әрі - стипендиат) оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесін, тілдік курстардың ұзақтылық кестесін бекітеді;
3-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) тамақтануға, тұруға, оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған шығыстар нормаларын әзірлейді және бекітеді, тұратын жерінен шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдің жоғары оқу орындары, тілдік курстар мен тағылымдамаларды өткізуді жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар, статистикалық, рейтингілік және өзге де тиісті ұйымдар және/немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары белгілеген оқытуды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсететін шетелдік ұйымдар ұсынған құжаттардың және/немесе өзге ақпараттың негізінде оқитын, тілдік курстардан не тағылымдамадан өтетін жеріне дейін жол жүру бойынша көлік түрі мен сыныбын анықтайды;
4-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу мерзімдерін бекітеді;
6) мүдделі мемлекеттік органдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми және өзге де ұйымдармен келісім бойынша тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамын, оның жұмысының тәртібін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ үміткерлердің тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен дербес әңгімелесуін бағалау парағын бекітеді;
6-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2010 жылғы № 920 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
7) мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төмен деңгейін, шетелдік жоғары оқу орындарының, шет мемлекеттердің уəкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың талаптарын ескере отырып, шет тілін білудің қажетті ең төмен деңгейін белгілейді;
7-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 27.01.2010 жылғы № 920 Жарлығымен (12.11.2008 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) қажетті материалдарды Республикалық комиссияның отырысына енгізеді;
8-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
9) "Болашақ" халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдамалар бойынша іс-шараларды қамтамасыз етуге және іске асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.03.2022 жылғы № 825 Жарлығына сәйкес (17.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) осы Ереженің 4-тармағында көзделген Республикалық комиссияның міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде қарауы оның құзыретіне кіретін мәселелерді қоспағанда, «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияны құрады;
10-тармақ 10-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 27.01.2010 жылғы № 920 Жарлығына сәйкес
10-тармақша өзгертілді ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығымен (13.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
11) стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерімі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу тәртібі мен шарттарын бекітеді.
10-тармақ 11-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 11.06.2012 жылғы № 339 Жарлығына сәйкес
12) Іріктеу қағидаларына сəйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясынан бас тартуды қабылдайды, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша еңбек қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;
10-тармақ 12-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін жыл сайын бекітеді;
10-тармақ 13-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) Іріктеу қағидаларында айқындалған адамдар санаттары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын жыл сайын белгілейді.
10-тармақ 14-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы № 372 Жарлығына сәйкес (өзгерту 20.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тарау. Республикалық комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.08.2022 жылғы № 990 Жарлығына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
11. Республикалық комиссияның қызметін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi