Близость слов: Окончание:





"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы N 573 Қаулысы
Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 355 Қаулысымен (11.06.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 02.06.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 15) тармақшасына, "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы N 470 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі бекітілсін.
1-1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттары айқындалсын.
Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 22, 270-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 мамырдағы N 511 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 11 маусымдағы
 N 573 қаулысымен
 бекітілген
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2012 жылғы № 355 Қаулысымен (11.06.2008 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.11.2013 жылғы № 1270 Қаулысымен (27.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)  26.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 175 Қаулысымен (29.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.04.2015 жылы № 66 (28544) Егемен Қазақстан Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы № 1154 Қаулысымен (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2016 жылғы № 158 Қаулысымен (31.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.04.2016 жылы № 62 (28790) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.10.2016 жылғы № 564 Қаулысымен (26.03.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.10.2016 жылы № 189 (28918) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.05.2017 жылғы № 279 Қаулысымен (01.10.2016 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.05.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.03.2018 жылғы № 143 Қаулысымен (19.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.03.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2019 жылғы № 647 Қаулысымен (27.03.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.11.2019 жылғы № 834 Қаулысымен (31.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.05.2020 жылғы № 271 Қаулысымен (07.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.12.2022 жылғы № 986 Қаулысына сәйкес (06.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 17.01.2025 жылғы № 15 Қаулысына сәйкес (06.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 15) тармақшасына, «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (бұдан әрі – № 470 Жарлық) сәйкес әзірленді және «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.05.2026 жылғы № 416 Қаулысына сәйкес (27.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) атом саласының жұмыскері – атом энергиясын мемлекеттік реттеу, жер қойнауын пайдалану (уран барлау және өндіру), атом өнеркәсібі ұйымдарында, не атом энергиясы саласындағы инженерлік зерттеу, техникалық консультация беру, ғылыми зерттеу ұйымдарында, не атом энергиясы саласындағы инфрақұрылым мен базалық қондырғыларды жобалау, салу және пайдалану, перспективалы технологиялар өндірістерді әзірлеу және ендіру, инвестиция тарту ұйымдарында, не радиофармацевтикалық препараттарды, радиоактивті изотоптар мен көздері шығаруды, электронды үдеткіштер негізінде радиациялық технологияларды қолдануды, ядролық-физикалық талдау әдістерін әзірлеуді және пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдарда еңбек қызметін жүзеге асыратын, кемінде 3 (үш) жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде академиялық оқу және тағылымдамадан өту үшін құжаттарды тапсырған кезде таңдаған мамандану саласында соңғы 6 (алты) айда нақты жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
2) ауылдық елдi мекеннен шыққан үміткер – тұрғылықты жерінде тіркелген, соңғы 2 (екі) жылда еңбек қызметін Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекенінде жүзеге асыратын және магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысатын үміткер;
3) «Болашақ» халықаралық стипендиясы (бұдан әрі – «Болашақ» стипендиясы) – Қазақстан Республикасы азаматтарының күндізгі оқу нысаны бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі жетекші оқу орындарында оқуы немесе санаттарын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
4) «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – құрамы мен ережесін жұмыс органы бекітетін жұмыс органы жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
5) «Болашақ» стипендиясының әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын ұйым;
6) «Болашақ» стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеу жеңімпазы (бұдан әрі – конкурстық іріктеу жеңімпазы) – осы Қағидаларда көзделген барлық турдан өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес «Болашақ» стипендиясы тағайындалған үміткер;
Полная версия
ИС BestProfi