Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысы
Редакция 14.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне бөлу жолымен;
2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылсын.
1) «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары – республикалық мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
4) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
4. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне, оның ведомстволарына берсін.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Сауда және интеграция министрліктері Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
7. Осы қаулының 1-тармағының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші, он сегізінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 15.09.2020 жылғы № 583 Қаулысына сәйкес (08.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 10 шілдедегі
№ 497 қаулысымен
бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi