Близость слов: Окончание:





Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 шілдеде № 18997 болып тіркелді
Редакция 07.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 жылғы № 173 Бұйрығына сәйкес (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.06.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 252 бұйрығымен
бекітілген
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.01.2020 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.05.2022 жылғы № 173 Бұйрығымен (17.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2023 жылғы № 237 Бұйрығына сәйкес (31.05.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 2-5) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін (бұдан әрі – жерлерді пайдалану мониторингі) ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.06.2024 жылғы № 213 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган – ветеринария саласында басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) Жерді қашықтықтан зондтау – ғарыш және әуе кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау және өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі;
3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Полная версия
ИС BestProfi