Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 шілдеде № 19067 болып тіркелді
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 05.05.2023 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (24.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартының үлгі нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша қайталама пайдалану (қосалқы жалдау) шартының үлгі нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларының функцияларын тиісінше орындау жөніндегі шарттың үлгі нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтініштің және сауалнаманың үлгілік нысандары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ қатысушысының қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді орындамауы туралы актінің үлгі нысаны болып табылады.
2. Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен::
2) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;;