Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 288 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 8 тамызда № 19214 болып тіркелді
Редакция 04.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2019 жылғы № 288 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
1. «Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 4-2/266 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11773 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидалары Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 жылғы № 337 Бұйрығымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (04.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi