Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.02.2023
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 2019 жылғы 30 шілдедегі № 5-Ө бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 47-Ө бұйрығын қараңыз
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 24.02.2023 жылғы № 65-П Бұйрығына сәйкес
Редакция 01.07.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің тиісті облыстағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аумақтық органы – Экология департаменті туралы ереже.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігінің
Жауапты хатшысының
2019 жылғы 30 шілдедегі
№ 5-Ө бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 01.07.2022 жылғы № 253-П Бұйрығына сәйкес (30.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Полная версия
ИС BestProfi