«Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 15 тамызда № 19249 болып тіркелді
Осы Бұйрық жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.11.2022 жылғы № 464/НҚ Бұйрығына сәйкес (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 17) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 жылғы № 611/НҚ Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.11.2022 жылғы № 464/НҚ Бұйрығына сәйкес (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14523 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
«Электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.04.2021 жылғы № 126/НҚ Бұйрығымен (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.11.2022 жылғы № 464/НҚ Бұйрығына сәйкес (12.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 01.08.2023 жылғы № 310/НҚ Бұйрығымен (28.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.06.2024 жылғы № 371/НҚ Бұйрығымен (01.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 30.09.2024 жылғы № 611/НҚ Бұйрығына сәйкес (26.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы «электрондық үкімет» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының» 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу тәртібін айқындайды.
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттық жүйелердің архитектурасы - мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыратын мемлекеттік органдардың (қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің) ақпараттық жүйелерінің, олардың өзара іс-қимыл процестерінің және Мемлекеттік басқарудың тиісті салаларының (салаларының) функционалдық мүмкіндіктеріне қатынастарының сипаттамасын білдіретін «электрондық үкімет» архитектурасының қабаты;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым архитектурасы - жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудің, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, телекоммуникациялар желісінің, ақпараттық қауіпсіздік құралдарының және инженерлік инфрақұрылымның сипаттамасын білдіретін «электрондық үкімет» архитектурасының қабаты;