Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 686 бұйрығы.
 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 19331 болып тіркелді
Редакция 25.10.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10407 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
«2-тарау. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртібі»;
«6. Жеке және заңды тұлғалар қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге өтінішті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
1) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;
2) дайындаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбір бірлігіне техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесін.
Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болады.
7. Жергілікті атқарушы органдар өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті жергілікті атқарушы органдар өтініш берілген күннен бастап (2) екі жұмыс күнінде қарайды.»;
«12. Өтініш беруші ұсынған құжаттар Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес келген кезде жергілікті атқарушы органдар лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасыменқол қойылған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік дайындалады.»;
«17. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары тізілімнен шығарылған кезде меншік иесі немесе оған теңестірілген адам жергілікті атқарушы органдарына портал арқылы:
1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын есептен шығару туралы не закымдануы туралы, Қазақстан Республикасының шегінен тыс пайдалану үшін әкете отырып сату туралы актіні қоса бере отырып, еркін нысандағы өтінішті ұсынады.»;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
 № 686 бұйрығына
1-қосымша
Қалалық рельстік көліктің
 көлік құралдарын мемлекеттік
​ тіркеу стандартына
1-қосымша
  (ұйым атауы, заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туған күні, үй мекенжайы, телефоны) (қызмет алушы туралы ақпарат «Жеке тұлға» мемлекеттік деректер қоры немесе «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде тартылады)
  (меншік, мүліктік жалдау, жалға алу немесе лизинг) құқығында тиесілі қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеуді сұраймын.
___________________________ қаласы_____________________________ көшесі
жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________________________
байланыс телефондары (факс)______________________
Тізбе ________________________________________ парақта қоса беріледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
​ № 686 бұйрығына
2-қосымша
Қалалық рельстік көліктің
 көлік құралдарын мемлекеттік 
​тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
 Осы куәлік «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
____________________________________________________________________
  (қалалық рельстік көліктің көлік құралдарына құқықтар көрсетілсін)
  (иесінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) берілді және
қалаалық рельстік көліктің көлік құралдарының мемлекеттік тіркелгенін растайды.
зауыттық нөмірі ___________________________________________________
мүкәммалдық нөмірі ______________________________________________
секциясы ________________________________________________________
жасалған жылы ___________________________________________________
Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы _________________________________________________________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 2 қыркүйектегі
 № 686  бұйрығына
3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 жылғы № 514 Бұйрығына сәйкес (02.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi