"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 10.04.2022
Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-118 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 тамызда № 19318 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 10 сәуірден бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.03.2022 жылғы № ҚР- ДСМ-27 Бұйрығына сәйкес
1. "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12204 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін және 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына 1, 2, 3, 4-қосымшаларды, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларына 5, 6-қосымшаларды қоспағанда, 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Министр Е. Биртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № ҚР ДСМ-118 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген
Стационарлық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Стационарлық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде халыққа стационарлық көмек көрсету тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) стационарлық көмек – дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып, тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын көмек ұсыну нысаны;
2) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
3) мамандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек;
4) жоғары технологиялы медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностиканың және емдеудің инновациялық, ресурстық сыйымды және (немесе) бірегей әдістерді пайдалануды талап ететін аурулар кезінде, бейінді мамандар көрсететін қызметтер;
Полная версия