Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізудің кейбір мәселелері және «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 655 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 16.10.2020 жылғы №672 Қаулысына сәйкес
Пилоттық режимде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды сынақтан өткізу медициналық көрсетілетін қызметтерінің есебін бөлек жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысы үшін:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 1-тізбесі;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің 2-тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылғы 1 қарашаға дейінгі және 2019 жылғы 20 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне іске асыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.
4. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 529-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы қаулының қолданысы Қарағанды облысы үшін 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымшада:
«Консультациялық-диагностикалық көмек» деген 2-бөлімде:
«Көрсетілетін қызметтердің атауы» деген 2-баған:
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


 

Мамандардың жолдамасы бойынша онкологиялық ауруларға күдігі бар пациенттерге арналған қымбат тұратын диагностикалық қызметтердің түрлері:

Айғақтар бойынша


 

1. Компьютерлік томография

Айғақтар бойынша


 

2. Магниттік-резонанстық томография

Айғақтар бойынша

Полная версия
ИС BestProfi