Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
«Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 683 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қыркүйекте № 19352 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес 
1. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16833 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 29 тамыздағы
​ № 683 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 12 қаңтардағы
№ 26 бұйрығымен
бекітілген
«Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу және/немесе сараптама жасау шығындарын өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
Полная версия
ИС BestProfi