Близость слов: Окончание:





Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 19360 болып тіркелді
Редакция 13.09.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1) «Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 10699 тіркелген, 2015 жылы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1290 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 12958 тіркелген, 2016 жылы 29 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы  Т. Жанжуменов
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрі міндетін атқарушының
2019 жылғы 6 тамыздағы
​ № 621 бұйрығына
1-қосымша
Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары
1. Осы Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылдың 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 18)-тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi