Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2019
Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10699 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1290 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 06.08.2019 жылғы № 621 Бұйрығына сәйкес
Редакция 31.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес, Басқарушы компаниясын басқару үшiн адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидаларын;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1290 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен белгілінген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың 
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2015 жылғы 27 ақпандағы
 № 224 бұйрығымен
 бекітілген
Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 жылғы № 1290 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1. Осы Басқарушы компаниясын басқару үшін адамдарды конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабы 3-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі орталық немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияны басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Атқарушы органның басшысы ретінде адамды не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған басқарушы компанияның атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын адамды сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi