2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2021
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығы. Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қыркүйекте № 15604 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-242/2020 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жобаларды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов 2017 жылғы 8 тамыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 23.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-112 Бұйрығына сәйкес (07.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 7-бабы 1-тармағының 122-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.
2. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) жүзеге асырады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
3-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.11.2019 жылғы № ҚР ДСМ-145 Бұйрығымен (12.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2020 жылғы № ҚР ДСМ-73/2020 Бұйрығына сәйкес (27.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) бірлесіп орындаушы – дерекқорға енгізілген, жасасқан медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін қызметтер беруші азаматтық-құқықтық шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
Полная версия