Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығы
Редакция 15.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 163 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 19.07.2021 жылғы № 621 Жарлығымен
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.05.2022 жылғы № 893 Жарлығына сәйкес (19.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әрі – Қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) Қазақстан Республикасының Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыратын және үйлестіретін ведомствосы болып табылады.
2. Қызмет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Қызмет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның қазақ тіліндегі өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. Қызмет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Қызметтің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Қызмет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қызмет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi