Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
«Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 қазанда № 19441 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-264/2020 Бұйрығына сәйкес   
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының № 3 нормативтік құқықтық актілер жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
 2019 жылғы 3 қазандағы
​ № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына
1-қосымша
Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтары  

р/с №

Нысаналы топ

Профилактикалық медициналық қарап тексеру түрі

1

18 жасқа дейінгі балалар

Ауруды ерте айқындауға

2

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға

3

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған

4

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық қарап-тексеру

5

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға

6

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер

Сүт безінің обырын ерте анықтауға

7

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер

Колоректалдық обырды ерте анықтауға

8

Қауіп топтары:

1) медицина қызметкерлері:

- қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары;

-хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;

-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;

2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3) гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациенттер;

5) Жүкті әйелдер;

6) Инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, секс қызметкерлері

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 3 қазандағы
​ № ҚР ДСМ-133 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына
2-қосымша
Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігі  
Полная версия
ИС BestProfi