«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомствалық қарасты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомствалық қарасты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен «QAZAQSU» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Ұлттық компания) болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен «QAZAQSU ARNASY» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Акционерлік қоғам) болып қайта құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиоводхоз» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мемлекеттің жарғылық капиталға жүз пайыз қатысуымен «Су проблемаларын дамыту және зерттеу орталығы» акционерлік қоғамы болып (бұдан әрі – Орталық) қайта құрылсын.
4. «QAZAQSU ARNASY» акционерлік қоғамы және «Су мәселелерін зерттеу және дамыту орталығы» акционерлік қоғамы «QAZAQSU» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары болып табылады.
5. Анықталсын:
1) Ұлттық компанияға қатысты тиісті саланы басқару жөніндегі уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті;
2) су шаруашылығы объектілерін пайдалану, қызмет көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағын сумен және ауыз сумен қамту, қызмет көрсету, пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су проблемаларын дамыту және зерттеу негізгі қызмет нысаны ретінде.
6. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Ұлттық компанияның, Акционерлік қоғамның және Орталықтың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
2) Ұлттық компанияның, Акционерлік қоғамның және Орталықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, мүлкі ұлттық компанияның, акционерлік қоғамның және Орталықтың жарғылық капиталына мемлекет салымы ретінде берілетін республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемеге қатысты қажетті қайта құру рәсімдерін жүргізсін;
2) Осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
8. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне Ұлттық компанияның, Акционерлік қоғамның және Орталықтың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін.
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
5-бөлімде Министрлікті қайта құру және тарату:
27-тармаққа. Министрлiктi қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және оның ведомстволары құрамындағы ұйымдардың тізімі
Акционерлік қоғамдар
мынадай мазмұндағы 4 және 5 тармақшалармен толықтырылсын:
«4. «QAZAQSU» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы».
5. «QAZAQSU ARNASY» акционерлік қоғамы және «Су мәселелерін дамыту және зерттеу орталығы» акционерлік қоғамы - «QAZAQSU» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізімі алынып тасталсын.
10. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Полная версия

