Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 25 қарашадағы № 14331/30 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 192-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды құру монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар құрылатын және (немесе) олар қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын тауар нарықтарына зерттеп-қарау жүргізу жөніндегі әдістемемен осындай кәсіпорындарды құрудың (қайта ұйымдастырудың) орындылығы туралы «Атамекен» ҰКП позициясын ұсыну көзделген.
Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының негіздері келесідей жағдайларда Кодекстің 192-бабының 1-тармағында көрсетілген, оның ішінде тиісті тауар нарығында ұқсас не өзара алмастырылатын тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) болмауы жатқызылған.
Суару жүйелерінің қолда бар объектілерін реконструкциялауды және жаңа объектілерін салуды қаржыландырудың ағымдағы схемасы суару үшін ұлттық валюта бағамының қарыз алу валютасына ықтимал құбылмалылығы кезінде фермерлерге ауыртпалықтың елеулі өсу тәуекелдерімен, су беру тарифтеріне тікелей қарызды қамтамасыз етуге қатысты шығындарды қосуды білдіреді. Алайда, сараптамалық қорытындыға ұсынылған құжаттарда акционерлік қоғам нысанында ұлттық компания құру қажеттілігінің негіздемесі, осы шешім қандай мәселелерді шешуге және жалпы ұсынылып отырған шешімнің оң және теріс жақтарының талдамасы қамтылмаған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қаулы жобасында көрсетілген мәселені ұсынысқа негіз болған құжаттарды ұсынғаннан және «Атамекен» ҰКП-ның ұстанымын ескере отырып, тиісті өтінішті қарау қорытындысы бойынша қабылданатын шешімді, «QAZAQSU» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құруға қатысты монополияға қарсы органның рұқсатын алғаннан кейін  қарау қажет деп санаймыз.  
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабына сәйкес сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жолдайды. Мұндай жауап заң жобасының тұжырымдамасына, нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Э. Жұмағазиев
Полная версия
ИС BestProfi